Елордалық «Байқоңыр» ауданында аула аумақтарын абаттандыру және оларды тұрғындар игілігіне тапсыру жұмыстары жалғасуда.
Бүгін Ш. Уәлиханов көшесі, 5 мекенжайындағы аула аумағында абаттандыру жұмыстары толық аяқталып, тұрғындардың игілігіне пайдалануға берілді.
Жүргізілген жұмыстар аясында аула аумағы жаңартылып, тұрғындардың жайлы демалысы мен балалардың қауіпсіз ойнауына қолайлы жағдай жасалды.
«Байқоңыр» ауданында тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру және аулаларды кезең-кезеңімен абаттандыру жұмыстары жалғасуда.