
Елордалық Байқоңыр ауданында жылыту маусымы қарсаңында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрттің алдын алу бағытында профилактикалық шаралар жүргізілуде.
Байқоңыр ауданы әкімдігі Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, жеке тұрғын үйлер мен жылыту пештері пайдаланылатын нысандарды аралап, қауіпсіздік талаптарының сақталуын тексеруде.
Шаралар барысында тұрғындарға жылыту пештері мен мұржаларды дұрыс пайдалану, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, көміртек тотығы (угар газы) датчиктері орнатылып, түтін мұржалары тазаланады.
Мамандар тұрғындарға жылыту маусымы басталмас бұрын пештер мен мұржалардың жарамдылығын тексеріп, ақаулар анықталған жағдайда оларды дер кезінде жою қажеттігін ескертеді.