
Елордадалық «Байқоңыр» ауданының Өндіріс тұрғын алабындағы Ақпан көшесінде жаңа балалар ойын алаңы жайластырылды.
Аталған аумақта бұған дейін бос кеңістік болған. Тұрғындар тарапынан осы жерде балалар ойнайтын алаң болмағаны және тұрғындардың демалуына қолайлы орта қалыптастыру туралы өтініш түскен болатын.
Тұрғындардың өтініші ескеріліп, бос кеңістіктің орнына жаңа балалар ойын алаңы жасақталды. Аумақта балалардың қауіпсіз әрі қызықты уақыт өткізуіне арналған ойын элементтері қарастырылған.
Сонымен қатар аумақ абаттандырылып, тұрғындардың демалуына қолайлы жағдай жасалды.
«Байқоңыр» ауданында тұрғындардың ұсыныстары мен өтініштерін ескере отырып, аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасуда.