ЕЛОРДА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ПУШКИН КӨШЕСІНДЕ ЖАҢА ҚОҒАМДЫҚ КЕҢІСТІК АШЫЛДЫ

ЕЛОРДА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ПУШКИН КӨШЕСІНДЕ ЖАҢА ҚОҒАМДЫҚ КЕҢІСТІК АШЫЛДЫ

Елорда күні қарсаңында Байқоңыр ауданындағы Пушкин көшесі, 2, 4 және 6 тұрғын үйлеріне іргелес аумақта жаңа қоғамдық кеңістік пайдалануға берілді.

Кеңістіктің жалпы аумағы шамамен 12 мың шаршы метрді құрайды. Абаттандыру жұмыстары аясында 1 000 шаршы метрден астам аумаққа асфальт жабыны төселіп, 3 500 шаршы метрге кеспетас төселді.

Қоғамдық кеңістікте тұрғындардың жайлы демалысына арналған орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылып, аумақ 38 жарықтандыру тірегімен жабдықталды.

Сонымен қатар, 7 500 шаршы метр жасыл желекті суаруға арналған жергілікті суару жүйесі (ЛПС) орнатылды. Бұл жасыл аймақтарды күтіп-баптауды тиімді жүргізуге мүмкіндік береді.

Жаңа қоғамдық кеңістік тұрғындардың серуендеуіне, демалуына және бос уақытын тиімді өткізуіне қолайлы жағдай жасап, ауданның жайлы әрі көрікті келбетін қалыптастыруға бағытталған.