«ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТ-2026» ЖОБАСЫНА ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ДАУЫС БЕРУ БАСТАЛДЫ

«ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТ-2026» ЖОБАСЫНА ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ДАУЫС БЕРУ БАСТАЛДЫ

Құрметті «Байқоңыр» ауданының тұрғындары!

«Халық қатысатын бюджет-2026» жобасының 3 кезеңі басталды.

Ағымдағы жылдың 20 қаңтарынан 1 наурыз аралығында Байқоңыр ауданының тұрғындары аталған бағдарлама бойынша барлығы 15 жоба ұсынды. Оның ішінде сараптамалық кеңес одан әрі дауыс беру кезеңіне келесі 15 жобаны өткізді:

1. Отырар көшесі, 7
2. Отырар көшесі, 9
3. Отырар көшесі, 11
4. Отырар көшесі, 10;
5. Республика даңғылы, 16,16/1
6. Республика даңғылы, 18
7. Абай даңғылы, 49,51
8. Ж. Омаров көшесі, 150
9. А. Бараев көшесі, 18, 18/1, 18/2
10. Отырар көшесі, 2/1
11. Абай даңғылы, 34
12. С. Сейфуллин көшесі, 65 (аулаға асфальт төсеу)
13.«Ататүрік» саябағы (көгалдандыру)
14. Абай даңғылы (Республика даңғылынан Уәлиханов көшесіне дейін - көгалдандыру)
15. Ж. Ташенев көшесі, 9 (қоршау орнату)

2026 жылғы 6-24 сәуір аралығында «Халық қатысатын бюджет-2026» жобасы шеңберінде тұрғындардың берген жобалық ұсыныстарын іске асыру үшін дауыс беру кезеңі өткізіледі.

Дауыс «Байқоңыр» ауданы әкімі аппаратының ресми сайтында қолжетімді.

📌Ол үшін:
- https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-baikonyr/bnu/893 сілтемесіне өту;
- ЭЦП, бір реттік жасырын сөз көмегімен тіркелу;
- өзіңізге ұнайтын жобаны таңдау;
- дауыс беру.

Тұрғындардың жобалық ұсыныстары үшін дауыс беру ағымдағы жылдың 24 сәуіріне дейін жалғасады.

Ең көп дауыс жинаған жобалар ағымдағы жылдың 31 тамызына дейінгі мерзімде іске асырылатын болады.

Барлық қажетті ақпаратпен жоғарыда аталған ресми сайттан таныса аласыздар.