ТАРИХИ СӘТ - ЕЛОРДАЛЫҚ БАЙҚОҢЫР АУДАНЫНЫҢ «КИРПИЧНЫЙ» ТҰРҒЫН АЛАБЫНА ТҰҢҒЫШ РЕТ ГАЗ БЕРІЛДІ

ТАРИХИ СӘТ - ЕЛОРДАЛЫҚ БАЙҚОҢЫР АУДАНЫНЫҢ «КИРПИЧНЫЙ» ТҰРҒЫН АЛАБЫНА ТҰҢҒЫШ РЕТ ГАЗ БЕРІЛДІ

Байқоңыр ауданының тарихында алғаш рет - Кирпичный тұрғын алабы көгілдір отынға қосылды.

Газдандыру жұмысы бірінші болып аудан аумағындағы «Кирпичный» тұрғын алабына тартылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Әрбір үйге газ жетуі – мемлекет қамқорлығының нақты көрінісі»-деп атап өткендей, газ – халықтың тұрмысын жеңілдететін ең қолайлы энергия көзі.

Бұл — ауданның инженерлік инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі және тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға айтарлықтай ықпал ететін жоба.

Осындай тарихи қуаныш - біздің «Кирпичный» алабына да келіп жетті.

Бүгінде тұрғын алаптың 255-тен аса жеке секторы тұрмыстық табиғи газбен қамтамасыз етілді.

Газдандыру барысында 17 шақырым құбыр тартылып, газ желісі салынды.

Бұдан бөлек, «Өндіріс» тұрғын алабында да газдандыру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Биыл Тоқтаров, Өндіріс және Кеменгерұлы көшелерінде шамамен 300 үйге газ жеткізу жоспарланған.

Бүгінгі күні 10 шақырым желіден 3,5 шақырымы салынды, құбырлар Өзен, Жазық көшелеріне және Тоқтаров көшесінің тақ жағына дейін жетті. Қалған учаскелер келесі жылы толық газдандырылатын болады.

Бүгінгі ортақ қуанышпен барша тұрғындарымызды құттықтаймыз.