Елордалық Байқоңыр ауданының әкімі Талғат Рахманберді «Кирпичный» тұрғын алабының тұрғындарымен кездесу өткізді
Аудан тұрғындарымен тұрақты түрде пікір алмасу – ең басты басымдықтардың бірі. Осыған орай, «Кирпичный» тұрғын алабында кезекті кездесу ұйымдастырылып, онда жергілікті халықты толғандыратын мәселелер жан-жақты талқыланды.
Кездесу барысында тұрғындар аумақтың инфрақұрылымын дамыту, жолдардың жағдайы, абаттандыру, қоғамдық көліктің қозғалысы, жарықтандыру және әлеуметтік нысандарға қатысты өзекті сұрақтарын көтерді. Әрбір ұсыныс пен өтініш мұқият тыңдалып, шешу жолдары бірлесіп қарастырылды.
Сонымен қатар, жауапты қалалық басқармалар мен мамандар тұрғындарға нақты түсініктеме беріп, алдағы уақытта қолға алынатын шаралар туралы хабарлады. Кездесу ашық әрі диалог түрінде өтті, тұрғындардың ой-пікірлері мен ұсыныстары ескерілді.
Мұндай кездесулер халықтың өзекті мәселелерін дер кезінде анықтап, тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік береді.