100 ТҮП ІРІ ҚАРАҒАЙ МЕН 30 ТҮП ҚАЙЫҢ: ЕЛОРДАЛЫҚ БАЙҚОҢЫР АУДАНЫНДА КҮЗГІ КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

100 ТҮП ІРІ ҚАРАҒАЙ МЕН 30 ТҮП ҚАЙЫҢ: ЕЛОРДАЛЫҚ БАЙҚОҢЫР АУДАНЫНДА КҮЗГІ КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Елордалық Байқоңыр ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында күзгі көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде.

Бүгін Ж.Тәшенев көшесінің бойындағы гүлзарда ағаш отырғызу бойынша ауқымды шара ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында 100 түп ірі қарағай мен 30 түп қайың отырғызылды.

Акцияға 100-ге жуық адам қатысып, елорданың экологиясына өз үлестерін қосты.

Олардың қатарында Ұлттық ұланның сарбаздары, аудан тұрғындары және аппарат қызметкерлері болды.

Шараның басты мақсаты – қаланың экологиялық жағдайын жақсарту, жасыл желектер санын арттыру және тұрғындарды табиғатқа ұқыпты қарауға шақыру.

Аталған күзгі көгалдандыру жұмыстары маусым соңына дейін белсенді жалғасатын болады.