Елордалық Байқоңыр ауданында тұңғыш «Жайлы мектеп» ашылды.
Бұл — Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Келешек мектептері» жобасының нақты жемісі.
Аталған жайлы мектепке қазіргі таңда 2 300 оқушы қабылданды. Оның ішінде 434 бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, 1-сыныпқа қадам басты.
Ауданымыздың орталық бөлігі – А. Иманов көшесінде бой көтерген білім ордасы екі ауысымда жұмыс жасайтын болады.
Жаңа мектептің ашылуы осы ауданда орналасқан Абай атындағы №87 мектеп-гимназиясының, сондай-ақ №16, №27 және №5 мектептердің шамадан тыс жүктемесін азайтып, оқушылар үшін қолайлы жағдай қалыптастырды.