Елордалық Байқоңыр ауданында ҚР Конституциясының 30 жылдығына орай Ғұмар Қараш көшесінде жаңа аллея тұрғындардың пайдалануына тапсырылды.
Жалпы ауданы 1 700 шаршы метрді құрайтын аллея - Ш. Иманбаева көшесінен Ш. Уәлиханов көшесіне дейінгі аралықты қамтиды.
Кешенді абаттандыру барысында 1 500 шаршы метрге жуық кеспетас және 500 шаршы метрден аса асфальт жабыны төселді.
Тұрғындардың жайлылығы мақсатында демалыс орындықтары мен қоқыс жәшіктері орнатылып, жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.
📌Сонымен қатар, бүгінгі күнге дейін осы аумақта аса өзекті мәселелердің бірі болып келген - автокөлік жолдары кеңейтілді. Сондай-ақ, автотұрақ алаңына қосымша тағы 40 көлік орны қосылды.
Абаттандыру нәтижесінде аллеяға іргелес орналасқан №54 мектептің балалары үшін қауіпсіз және қолайлы жаяу жүргіншілер жолы қамтамасыз етілді.