Байқоңыр ауданында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында бейнебақылау жүйесін орнату жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Жыл басынан бері 58 мекенжайға 322 бейнебақылау камерасы орнатылып, іске қосылды. Бұл жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасуда.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың соңына дейін аудан бойынша 417 мекенжайға жалпы саны 1668 бейнебақылау камерасын орнату жоспарланған. Қазіргі уақытта монтажға дейінгі дайындық жұмыстары басталып кетті.
Аталған шаралар азаматтардың қауіпсіздігін арттыруға, қоғамдық тәртіпті нығайтуға және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған.