«Таза Қазақстан» жобасы аясында «Жасыл Ел» жобасы жастарының 100-ден астам жас сарбазы сенбілікке қатысып, елордалық Байқоңыр ауданының аумағын тұрмыстық қоқыстар мен пластикалық қалдықтардан тазартты.
Іс-шараның басты мақсаты — жастардың экологиялық мәдениетін арттыру және тұрғындар арасында қоршаған ортаға деген жауапкершілікті қалыптастыру.
Тазалық жұмыстары барысында жас сарбаздар гүлзарлар мен қоғамдық кеңістіктерді, көпшілік жүретін аумақтарды және өзен-көл жағалауларын тазартты.
Сонымен қатар, пластикалық қалдықтарды сұрыптап жинау арқылы қайта өңдеуге жіберу шаралары да ұйымдастырылды.
Бұл өз кезегінде қалдықтарды дұрыс басқаруға, табиғатты ластанудан қорғауға ықпал етеді.
Аталған экологиялық шара жастардың қатысуымен жыл соңына дейін белсенді жалғасатын болады.