ҚҰРБАН АЙТ: БАЙҚОҢЫР АУДАНЫНДАҒЫ ҚҰРБАН ШАЛАТЫН ОРЫНДАР АНЫҚТАЛДЫ

ҚҰРБАН АЙТ: БАЙҚОҢЫР АУДАНЫНДАҒЫ ҚҰРБАН ШАЛАТЫН ОРЫНДАР АНЫҚТАЛДЫ

Құрметті тұрғындар!

Биыл Құрбан айт мерекесі 6-8 маусым күндері аралығында өтеді.

📌Құрбан айт мейрамын атап өту кезінде құрбандық шалу тек ресми бекітілген орындарда рұқсат етіледі:

🔹Байқоңыр ауданы👇

- «Жайлау» базары (Алаш тас жолы, С 313 көшесі);
- «Шанхай» базары (Алаш тас жолы, 34/6);
- «Баракат» базары (А-369 көшесі, 10-үй);
- «Шаушен» шаруа қожалығы (Алаш тас жолы, 136Б);

Көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында, соның ішінде МЖК аумағында мал союға қатаң тыйым салынады. Санитарлық және ветеринарлық талаптарды бұзу ӘҚБтК-ге сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеледі.

Сондай-ақ биыл онлайн форматта құрбан шалу қарастырылған: арнайы сайт арқылы ➡️ https://qurban.muftyat.kz/#/kk құрбандыққа шалынатын малды таңдап, Kaspi QR арқылы қаражат аударуға болады. Толық ақпаратты 109 байланыс орталығынан біле аласыздар.