РУХАНИ ЕРКІНДІК: МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ ЕЛОРДАЛЫҚ ЖАСТАРДЫҢ КӨЗІМЕН

РУХАНИ ЕРКІНДІК: МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ ЕЛОРДАЛЫҚ ЖАСТАРДЫҢ КӨЗІМЕН

Елордалық «Байқоңыр» ауданында Мемлекеттік рәміздер күніне орай №1 Өнер мектебінің оқушылары арасында «Желбірей бер көк туым» тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылды.

Шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың ұлттық рәміздерге деген құрметін арттыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Байқау барысында оқушылар Ту, Елтаңба мен Әнұранның мағынасын өз көзқарастары арқылы бейнелеп, ұлттық құндылықтарды терең түсінетіндерін көрсетті.

Жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар Алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.