Бүгін елордалық Байқоңыр ауданында қос қуаныш: Балаларды қорғау күніне орай 10 жаңа аула аумағы ашылып, тұрғындар мен балалар үшін аула мерекелері ұйымдастырылды.
Жаңа аулаларда ойын және спорт алаңдары, демалыс аймақтары орнатылып, балалардың қауіпсіз әрі қызықты уақыт өткізуіне жағдай жасалды.
Аулалар келесі мекенжайлар бойынша ашылды:
1. Сейфуллин көшесі, 41
2. Бейсекбаев көшесі, 14
3. Сембинов көшесі, 21
4. Габдуллин көшесі, 1
5. Торайғыров көшесі, 3
6. Уәлиханов көшесі, 3
7. Рахимов көшесі, 91
8. Шонанұлы көшесі, 39 және 41
9. Жұбанова көшесі, 3
10. Торайғыров көшесі, 1
Аулалардың салтанатты ашылуына орай өткен аула мерекелерінде балалар мен ата-аналарға арналған ойындар мен іс-шаралар ұйымдастырылды.
Тұрғындар игі бастамаға ризашылықтарын білдіріп, аулаларына дастархан жайды.
Айта кетейік, ағымдағы жылы Байқоңыр ауданында 88 аула аумағы абаттандырылады. Оның 18-і кешенді абаттандырылса, 70-інде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, кешенді абаттандырылатын 18 ауланың 12-сі «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында жүзеге асырылады.
Барша балақайларды бүгінгі - Балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Еліміздің болашағы - балапандарымыз әрдайым аман болып, жүздерінен шат күлкі кетпесін!