Ағымдағы жылы «Алматы» ауданында ауқымды абаттандыру жұмыстары жоспарлануда.

Ағымдағы жылы «Алматы» ауданында ауқымды абаттандыру жұмыстары жоспарлануда.

Ағымдағы жылы Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы «Алматы» ауданында ауқымды абаттандыру жұмыстарын жоспарлауда. Оның мақсаты – қалалық жайлы ортаны құру және қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту.

Жобалар келесі учаскелерді қамтиды:
1. Ұзындығы 13 шақырымды құрайтын Ақбұлақ өзенінің жағалауын жаңарту. Қайта құру 4 секцияға бөлінген, оның ішінде классикалық, спорттық және экологиялық жағалаулар. Қазіргі уақытта Амман көшесінің бойындағы көпірден Қабанбай батыр даңғылы бойындағы көпірге дейін жұмыстар белсенді жүргізілуде.

2. Р. Қошқарбаев көшесінде орналасқан Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабындағы скверді абаттандыру. Бүгінгі таңда учаскеде қазу жұмыстары басталды. Жоба дендропланды Урбанистика орталығымен келісу сатысында, ағымдағы жылы көгалдандыру жұмыстары жоспарлануда.

3. Триатлон саябағы – Амман көшесінің бойындағы көпірден Сығанақ даңғылы бойындағы көпірге дейінгі Есіл өзенінің жағалауы.

Осы бағытта жүзеге асырылып жатқан жобалар әр түрлі және оларға төсеніштерді, жиектерді ауыстыру, балалар мен спорт алаңдарын жабдықтау, тірек қабырғаларын жабдықтау, көлеңкелі шатырларды, жарықтандыру тіректерін, орындықтар мен урналарды орнату жұмыстары кіреді. Сондай-ақ, көгалдандыру бойынша жергілікті суару жүйесі бар қылқан жапырақты және жапырақты ағаштарды, бұталарды және көпжылдық гүлдерді отырғызу жоспарлануда.

Бұл жобалар әрбір тұрғын белсенді демалыс пен жеке өмір сүру үшін орын таба алатын үйлесімді және жайлы қалалық ортаны құру стратегиясының бөлігі болып табылады.