Биылғы жылы «Алматы» ауданы әкімінің аппаратымен елордада ауқымды абаттандыру жұмыстары жоспарлануда.
Біздің мақсатымыз – әрбір тұрғынға қолжетімді демалу, спортпен шұғылдану және серуендеу үшін жайлы және заманауи кеңістіктер жасау.
Биылғы жылы біз келесі аумақтарды қамтитын бірқатар маңызды жобаларды жүзеге асыруды жоспарлаудамыз:
Қ. Мұнайтпасов көшесі (Тәуелсіздік даңғылынан М. Жұмабаев даңғылына дейін);
М. Жұмабаев даңғылы (Қ. Мұнайтпасов көшесінен Б. Майлин көшесіне дейін);
Керегетас көшесі учаскесіндегі сквер (Железнодорожный Т/А);
Көпір асты кеңістігі (Триатлон паркі);
Рысқұлбеков көшесі (Абылай хан даңғылынан Ш. Құдайбердіұлы даңғылына дейін);
Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайының алдындағы алаң;
Абылай хан даңғылындағы «Күйшілер» аллеясы (Күйші Дина көшесінен Б. Майлин көшесіне дейін);
Келес көшесіндегі алаң (Оңтүстік-Шығыс шағын ауданы).
Бұл аумақтарда балалар және спорт алаңдары, жаңадан жаяу жүргіншілер жолы мен автотұрақ алаңдары бар жолдар салынады. Тірек қабырғалары орнатылып, жаяу жүргіншілер жолы ауыстырылады. Көлеңкелі шатырлар, жарықтандыру бағаналары, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнату және т.б. жұмыстар жүргізіледі.
Әрбір жобада көгалдандыруға ерекше назар аударылады: біз ауданымызды қала тұрғындары мен қонақтары үшін нағыз оазиске айналдыру үшін ағаш отырғызу және қосымша жасыл аймақтарды құру мәселелерін мұқият қарастырамыз. Сондай-ақ көгалдандыру орындарында жаңа тротуарларды жайластыру жоспарланып, серуендеуге қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, біз жаяу жүргіншілер үшін кедергісіз ортаны қамтамасыз етуге тырысамыз: барлық учаскелерде қозғалуға ыңғайлы болу үшін арба түсулеріне арналған пандустар қарастырылады.
Сондай-ақ, қазіргі уақытта ауданымызда бірқатар қосымша абаттандыру учаскелері жобаланып жатқанын хабарлаймыз.
Бұл өзгерістер ауданымызды өмір сүруге жайлы әрі тартымды ететініне сенімдіміз!