«Алматы» ауданында қыс маусымынан кейін қаланың инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде

«Алматы» ауданында қыс маусымынан кейін қаланың инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде

«Алматы» ауданында қыс маусымынан кейін қаланың инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Қысқы кезеңге тән ауа-райы жағдайлары, сондай-ақ техниканы әрдайым дұрыс пайдаланбау жолдар мен қоғамдық орындарда ақаулардың пайда болуына әкелді. Біздің қызметкерлер осы мәселелерді шешуге және аудандағы тәртіпті қалпына келтіруге бар күшін салуда.

Қолайлы ауа райының басталуымен «Алматы» ауданы әкімінің аппараты тұрғындардың жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қоғамдық орындарды абаттандыруға ерекше назар аударады.

Егер сізде ағымдағы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына қатысты сұрақтарыңыз немесе ұсыныстарыңыз болса, төмендегі нөмірге жүгіне аласыз:
– 8 (702) 999-30-07 – Данияр Кожахметов, «Алматы» ауданы әкімі аппаратының абаттандыру бөлімінің басшысы.