«Алматы» ауданында заңсыз орнатылған жарнамалық құрылымдарды бөлшектеу жұмыстары жалғасуда. 2025 жылдың басынан бері елорданың біртұтас сәулеттік келбетіне сәйкес келмейтін 230 жарнама жойылды.
Шағын және орта бизнес өкілдеріне аудан әкімдігінің қызметкерлері жарнаманы дұрыс орналастыруға қатысты жан-жақты түсіндірмелер беріп, эскиздерін көрсетеді. Бұл кәсіпкерлерге жарнамалық құрылымдарды жобалау талаптарын жақсы түсінуге көмектеседі.
Жарнамалық белгілерді дұрыс орналастыру үшін кәсіпкерлер «Астана-Жарнама» КММ-не өтініш беруі қажет. Бұл қолданыстағы заңнамаға сәйкес жарнамалық құрылымдарды орнатуға және ықтимал бұзушылықтарды болдырмауға мүмкіндік береді.
Біз барлық кәсіпкерлерді белгіленген стандарттарды сақтауға және үйлесімді қалалық кеңістікті құруға белсенді қатысуға шақырамыз!
Жарнамалық құрылымдарды орнатуға қатысты сұрақтар бойынша келесі байланыстар бойынша хабарласуға болады:
+7 (700) 297-15-04 – «Астана-Жарнама» КММ жедел желі телефоны;
+7 (701) 777-66-04 – Лейла Уалиева, «Алматы» ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің басшысы.