Қала әкімі Алматы ауданының тұрғындарымен есептік кездесу өткізді.

Қала әкімі Алматы ауданының тұрғындарымен есептік кездесу өткізді.

Қала әкімі Алматы ауданының тұрғындарымен есептік кездесу өткізді. Кездесу 4 сағаттан астам уақытқа созылды. Қала тұрғындары әлеуметтік нысандар (жеңілдетілген қолжетімді тұрғын үй, мектептер, балабақшалар, медициналық мекемелер), аулалар мен қоғамдық кеңістіктер, жолдар, трансформаторлық қосалқы станциялар, инженерлік желілер салу мәселелерін көтерді. Сол сияқты тұрғын үй кешендері құрылысының сапасы, қосымша автобус маршруттарын іске қосу және т.б. сұрақтар қойылды.

Әлеуметтік нысандардың құрылысына тоқталар болсам, биыл мемлекеттік балабақшалардың құрылысын қайта бастауды жоспарлап отырмыз, сондай-ақ Оқушылар сарайларының құрылысын бастаймыз. Олардың бір бөлігі Алматы ауданында орналасады.

Қазір 34 мектептің құрылысы жүріп жатыр, оның 25-ін жаңа оқу жылы ішінде қолданысқа береміз. Оның 5-еуі Алматы ауданында орналасады.

Жаңа вокзал ауданында инвестор амбулаториялық кешеннің құрылысын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, екі балабақша салу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, тұрғындардың өтініші ескеріле отырып, биыл қалаға тағы 300 автобус жеткізіледі. Өткен жылы қоғамдық көлік паркі 400 автобуспен толықтырылған.

Кездесу барысында көтерілген мәселелерді шешу жұмысы қолға алынды. Оларды іске асыру мерзімін бекітеміз.