«Алматы» ауданында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында аты аңызға айналған футболшы Коло Туре мен Фадига Халилу көшет отырғызды.

Бүгін елімізге футболдан жас өрендерді іріктеу мақсатында «Super bol» жобасына арнайы келген Коло Туре мен Фадига Халилу «Алматы» ауданындағы Қазақстан футбол федерациясы аумағында көшет отырғызу акциясына қатысты.

«Қазақстанға футбол жобасына арнайы қонақ ретінде бірінші рет келдім. Тек жасыл алаңда ғана емес, қаланың экологиясын сақтау мақсатында ұйымдастырылған акцияға қатысқаныма өте қуаныштымын. Бұған дейін де көптеген қалаларда болдым. Ал Астананың өзіндік әдемілігі бар. Тазалығы бір жолға қойылғаны көрініп тұр. Бастысы мені сыйлап, шақырғандарыңызға қуаныштымын!» — деді кезінде «Арсенал», «Манчестер Сити», «Ливерпуль» сапында доп тепкен футболшы Коло Type.

Айта кетейік, 8 сәуірде басталған «Таза Қазақстан: Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» акциясы аясында 29 сәуір бен 4 мамыр аралығында қарттар үйі, ардагерлер, қызмет барысында қаза тапқан құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасы тұратын үйлер аумағын абаттандыруға бағытталған «Өнегелі ұрпақ» тақырыптық апталығымен жалғасып жатыр.