Бүгін «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Алматы ауданы Мемлекеттік кірістер басқармасының және Полиция басқармасының қызметкерлерімен, сондай-ақ ЖҚАЖ жасағымен бірлесіп рейд ұйымдастырылды. Рейд барысында «Оңтүстік-шығыс» тұрғын алабында металды қабылдау пункттері бойынша тексеріс жүзеге асырылды.
Қорытындысы бойынша ҚР ӘҚБтК 434-2 (1-бөлім), 492 және 505 баптары бойынша 10-ға жуық әкімшілік хаттама жасалды.