Алматы ауданының Ішкі істер басқармасы аудан әкімдігімен бірлесіп, құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» қағидатын нығайту, Алматы ауданының аумағындағы көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау мақсатында ағымдағы жылдың 20-30 қараша аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
Сондай-ақ, аталған іс-шараға «Аманат» партиясының, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының өкілдері мен еріктілер қатысты.
Іс-шараның негізгі бағыттары:
• көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда, соның ішінде жастар көп жиналатын орындарда қоғамдық тәртіпті қорғауды күшейту және алдын алу;
• вандализм, мүліктің бүлінуі, ұсақ бұзақылық, сондай-ақ жол қауіпсіздігі саласындағы бұзушылықтар фактілерін анықтау және жолын кесу;
• тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу.