Ауданда көктайғаққа қарсы материалмен себу жұмыстары жүргізілуде

Ауданда көктайғаққа қарсы материалмен себу жұмыстары жүргізілуде

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көшелер мен көпірлерді, тротуарлар мен баспалдақтарды көктайғаққа қарсы материалмен (реагент және тұз) себу жұмыстары жүргізілуде.

«Қазгидромет» РМК-ның болжауынша бүгін, 22 қараша күні желдің ұйытқуы 21 м/с, ал 23 қараша күні 23-28 м/с дейін болады.

Жауын-шашын мен қатты көктайғаққа байланысты аудан тұрғындарын барлық сақтық шаралары мен қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз!