Ауданда «JOLTAP» әлеуметтік жобасы аясында «Баршаға Мүмкіндік» модульдік пункті ашылды

Ауданда «JOLTAP» әлеуметтік жобасы аясында «Баршаға Мүмкіндік» модульдік пункті ашылды

«JOLTAP» әлеуметтік жобасы аясында елордада «Баршаға Мүмкіндік» модульдік пункттерінің ашылуы өтті. Алматы ауданында мұндай модульдік пункт Абылай хан даңғылы, 31 мекенжайы бойынша «Встреча» СҮ жанында ашылды. Модульдік пункт күн сайын 10:00-20:00 уақыт аралығында жұмыс істейді.

Жоба бойынша өтініш берушілерге міндетті түрде табысын арттыру үшін мемлекеттік және қосымша қолдау шаралары ұсынылатын болады. Жобаға кез-келген адам толықтай тегін қатыса алады.

Жоба аясында барлық маңызды жұмыс орындары бар бірыңғай Telegram-арна секілді құралдар қосымша іске қосылады, сала көшбасшыларының талаптары мен стандарттары бойынша қысқа мерзімді оқыту, сондай-ақ цифрлық дағдыларды (фрилансқа арналған мамандықтар) тегін оқыту ұйымдастырылады.

Алматы ауданында қыркүйек айында дәл осындай екінші пункт Еділ көшесі, 26 мекенжайы бойынша «Magnum» супермаркеті жанында ашылады.