1 қыркүйектен Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуге өтінімдерді қабылдау басталады

1 қыркүйектен Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуге өтінімдерді қабылдау басталады

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуге өтінімдерді қабылдау 1 қыркүйектен бастап pkrezerv.gov.kz сайтында қолжетімді болады. Өтінімдер 30 қыркүйекке дейін қабылданады.
Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес меңгерген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.

Биыл іріктеу келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
🔹Инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты;
🔹Агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау;
🔹Сыртқы саясат және инвестициялар;
🔹Экономикалық және қаржылық саясат;
🔹Цифрландыру;
🔹Әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам.