Бүгін ауданда ХҚБ бағдарламасы бойынша абаттандырылған жаңа аулалар ашылды

Бүгін ауданда ХҚБ бағдарламасы бойынша абаттандырылған жаңа аулалар ашылды

Бүгін ауданда Б.Момышұлы даңғылы 4, 6/1, Абылай хан даңғылы 37, 43/1, Жайдарман көшесі, 4 және Ж.Жабаев көшесі, 12/2 үйлерінде «Халықтық қатысуы бюджеті» бағдарламасы бойынша абаттандырылған аула аумақтары ашылды. Аулаларды абаттандыру барысында ойын кешендері мен әткеншектері бар балалар алаңдары, тренажерлары бар спорт алаңдары, воркаут аймақтары, шағын сәулет нысандары, орындықтар, сыртқы жарықтандыру, тротуарлар орнатылды. Аулаларды жасыл желекпен толтыруға ерекше назар аударылды.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылы бағдарлама бойынша ауданда 60-тан астам аула жаңартылып, жақын жерде тұратын 80 мыңға жуық тұрғынды қуантатын болады. Жұмыстар жалғасуда.