Балаларды қорғау күні ауданда мерекелік іс-шаралар өтеді

Балаларды қорғау күні ауданда мерекелік іс-шаралар өтеді

Таңертеңнен бастап ауданда спорттық жарыстар, мастер-класстар, флешмобтар, концерттер және түрлі байқаулар өтеді.

Мектеп жасына дейінгі балалар үшін «NS street life» спорт кешенінде «IBARS kids» интеллектуалды байқауы өтеді. Басталуы сағат 10.00-де

Сағат 11.00-де «Жерұйық» саябағында «Ел болашағы-бақытты бала!» акциясы өтеді. Іс-шара бағдарламасында конкурстар, көңілді ойындар мен шеберлік сыныптары бар ойын-сауық, тақырыптық алаңдар бар.

Осы уақыт аралығында «Жерұйық-2» саябағында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мереке өтеді. Ұйымдастырушылары - «Бақытты шаңырақ» қоры.

Триатлон саябағында үлкен теннис ойнауды үйренгісі келетін балаларға арналған мастер-класс өтеді. Басталуы сағат 11.00-де.

Сағат 12.00-де Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында би жарыстары мен түрлі байқаулар өтеді.

Сағат 16.00-де «Жерұйық» саябағында балалар мерекесі «Балаңыздың білімді болашағын бізбен бастаңыз!» білім беру акциясымен жалғасады.

Сонымен қатар, мерекелік іс-шаралар тұрғын алаптарда өтеді.

Сағат 11.00-де мерекелік концерт Мичуринода, Бастау көшесіндегі орталық алаңда өтеді.

Сондай-ақ, Железнодорожный кентінде балаларды тірі қуыршақтардың қатысуымен «Алақай, жазғы демалыс!» мерекелік бағдарлама күтуде. Басталуы сағат 11.00-де.

Сағат 15.00-де Промышленный кентінде балаларға арналған көңілді ойындар, би флэшмобы ұйымдастырылады, ал ең кішкентай қонақтарды көбікті шарлар мен фокустар күтеді.