«Оңтүстік-Шығыс» тұрғын алабының дамуы: 2023-2024 жылдар

«Оңтүстік-Шығыс» тұрғын алабының дамуы: 2023-2024 жылдар

Оңтүстік-Шығыс (сол жағы)
Қазіргі уақытта жалпы ұзындығы 9 км-ден асатын 9 нысанда күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуда, олардың ішінде Қозыбасы, Бурабай, Есіл, Бұқтырма, Жайық, Дегерес, Еділ, Ақарыс, Ертіс көшелері бар. Күрделі жөндеу шараларына келесі жұмыстар жатады: инженерлік коммуникациялар салу, тротуарларды жайластыру, жарықтандыру, ағаш отырғызу.

Бүгінгі таңда 2 қосымша нысанды жобалауда:
• Қобыланды батыр көшесі, Бурабай көшесінен Р.Қошқарбаев даңғылына дейінгі учаскеде;
• Хантау көшесі, Еділ көшесінен Бурабай көшесіне дейінгі учаскеде.

Сондай-ақ жоспар бойынша 2023 жылы жол жабыны жаңартылады:
• Ш.Құдайбердіұлы даңғылы, Ғ.Мұстафин көшесінен Р.Қошқарбаев даңғылына дейінгі учаскеде.

Оңтүстік-Шығыс (оң жағы):
Жол жабынын жаңарту бойынша жұмыстар аяқталатын тізімге 3 нысан кірді:
• Айнакөл көшесі, Абылай хан даңғылынан М.Төлебаев көшесіне дейінгі учаскеде;
• Қордай көшесі, Б.Момышұлы даңғылынан Р.Қошқарбаев даңғылына дейінгі учаскеде;
• Р.Қошқарбаев даңғылы бойындағы ішкі жүру жолы, М.Жұмабаев даңғылынан С.Нұрмағамбетов көшесіне дейінгі учаскеде.

Сонымен қатар жаңа асфальт төсеу жұмыстары орындалады:
• Бурабай көшесі, Абылай хан даңғылынан М.Төлебаев көшесіне дейінгі учаскеде;
• Таскескен көшесі, Обаған көшесінен Берен көшесіне дейінгі учаскеде;
• Р.Қошқарбаев-Әл-Фараби даңғылдарының қиылысы учаскесіндегі жол айрығының шығу жолдары.

Сонымен қатар, келесі учаскелерде жұмыстар жоспарланған:
• Балқантау көшесі, Обаған көшесінен Ақыртас көшесіне дейінгі учаскеде;
• Б.Момышұлы даңғылы бойындағы ішкі жүрі жолы, Тәуелсіздік даңғылынан Қ.Сәтбаев көшесіне дейінгі учаскеде .

Шағын ауданның оң жағындағы инженерлік желілерді (сумен жабдықтау, су бұру және нөсер кәрізі) салу жөніндегі жоба келісу кезеңінде.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта 45 км талшықты-оптикалық байланыс желілерін салу жұмыстары аяқталуда.

Әлеуметтік нысандар:
Жаңа оқу жылына Қарқабат көшесіндегі жұмыс істеп тұрған №53 мектепке 600 орындық қосымша құрылыс салынады.
М.Төлебаев көшесінде МЖС аясында 1000 орындық тағы бір мектеп құрылысы басталады. Жоспар бойынша сол көшеде дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады.

Абаттандыру:
2023 жылы шағын ауданда Қордай көшесінде тағы бір қоғамдық кеңістікті абаттандыру жоспарлануда.

Қауіпсіздік:
Биыл тұрғын алаптың аумағында 83 бейнебақылау камерасын орнату жоспарлануда: оң жағында - 71, сол жағында - 12.