
Алдағы экологиялық айлықта сіздерден ауданды абаттандыруға белсенді қатысуды және сыртқы, көрнекі жарнаманы ретке келтіруді, сондай-ақ заңсыз орнатылған көше жарнамалық құрылымдарын алып тастауды сұраймыз.
Естеріңізге сала кетейік, үй-жайлардан тыс ашық кеңістікте, қала аумағы арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі жарнамалар ҚР «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңына сәйкес орнатылуы тиіс.