Еліміздің келешегі біздің қолымызда! Сіз де өз таңдауыңызды жасаңыз!

Еліміздің келешегі біздің қолымызда! Сіз де өз таңдауыңызды жасаңыз!

Ал сіз сайлауға барасыз ба?
Алматы ауданы бойынша 103 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Сайлаушылар саны 243 396 адамды құрайды.

Республика бойынша сайлау учаскелері сағат 7-де ашылды және сағат 20.00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Мәселен, таңертең Интернациональный тұрғын алабында орналасқан №32 сайлау учаскесінде қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров бүкіл отбасымен және Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова дауыс берді.

Естеріңізге сала кетейік, дауыс беру үшін тұрғылықты жері бойынша тіркелмеген аудан тұрғындары мен қонақтары жақын маңдағы шағын ХҚКО-ларға жүгіне алады
Шағын ХҚКО-тарының орналасқан мекенжайы:
1. «№28 мектеп-лицей», А. Петров көшесі, № 8;
2. «№ 37 мектеп-лицей», Күйші Дина көшесі, № 44/3;
3. «№ 52 мектеп-гимназиясы», Бурабай көшесі, № 38;
4. «№ 57 орта мектебі», Шарбақты көшесі, № 46;
5. «№53 мектеп-лицей», Қарқабат көшесі, № 17;
6. «№73 мектеп-лицей», № А-191 көшесі, № 2.

Сіз өзіңіздің сайлау учаскеңіздің мекенжайын sailau.astana.kz сервисі арқылы және iKomek 109 байланыс орталығының телефоны бойынша біле аласыз.
Сондай-ақ, қалалық және қала маңындағы жолаушылар үшін бүгінде жол жүру тегін.