Елордадағы «Алматы» ауданында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында тұрғындарды, бизнес өкілдері мен ұйымдарды біріктірген ауқымды сенбілік өтті.
Іс-шараға КСК мен ОСИ, шағын және орта бизнес субъектілері, құрылыс компаниялары, мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары, студенттер, мектеп оқушылары және аудан тұрғындары белсенді қатысты. Бірлескен күш-жігердің арқасында ауқымды жұмыстар атқарылды: аулалар мен қоғамдық кеңістіктерге санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді, тұрмыстық және ірі көлемді қоқыстар жиналып, балалар және спорт алаңдары ретке келтірілді, сондай-ақ кәсіпорындар, ұйымдар және тұрғын үйлерге іргелес аумақтар тазартылды.
Сенбілікке қатысқан барлық азаматтарға белсенділігі, жауапкершілігі және аудан тазалығына қосқан үлесі үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Бірлескен еңбектің нәтижесінде таза, жайлы әрі қолайлы қалалық орта қалыптасуда.