«Алматы» ауданы әкімінің аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау мәселелеріне арналған кездесу өтті.
Іс-шара «Алматы» ауданы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Абылайхан Ғабитұлының төрағалығымен өтті. Кездесуге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Бауыржан Балғабеков және департаменттің бас маманы Акерке Айтуева қатысты.
Кездесу барысында спикерлер қызметтік әдептің негізгі қағидаттарын, мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытында да, жұмыстан тыс уақытта да мінез-құлық стандарттарын, сондай-ақ белгіленген нормаларды сақтамағаны үшін тәртіптік жауапкершілік шараларын талқылады.
«Мұндай кездесулер адалдық қағидаттарын нығайтуға, мемлекеттік қызметшілер арасында жоғары жауапкершілік пен кәсіби әдепті қалыптастыруға ықпал етеді», — деп атап өтті Абылайхан Ғабитұлы.
Сыбайлас жемқорлық фактілері анықталған жағдайда азаматтар 1424 нөміріне хабарласа алады, сондай-ақ Smart Astana мобильді қосымшасы, e-Otinish сервисі және eGov порталы арқылы өтініш жолдай алады.
Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.