№116 мектеп маңында және Обаған көшесі бойында автокөліктер үшін біржақты қозғалыс енгізіледі

№116 мектеп маңында және Обаған көшесі бойында автокөліктер үшін біржақты қозғалыс енгізіледі

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

Жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру, жол-көлік оқиғаларын азайту, сондай-ақ оқушылар мен жаяу жүргіншілер үшін қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыру мақсатында №116 мектеп маңында және Обаған көшесі бойында автокөліктер үшін біржақты қозғалыс енгізіледі.

Аталған шаралар көлік ағындарын реттеуге, қарбалас уақытта кептелістерді азайтуға, сондай-ақ білім беру мекемесі маңындағы ықтимал қауіпті жағдайлардың алдын алуға бағытталған.

Жүргізушілерден маршруттарын алдын ала жоспарлап, енгізілген өзгерістерді ескеруді, сондай-ақ жол белгілері мен таңбаларына мұқият болуды сұраймыз.

Барша жол қозғалысына қатысушыларды балалар мен аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған аталған шараларға түсіністікпен қарауға шақырамыз.