
2026 жылғы 24 ақпан мен 24 наурыз аралығында туберкулездің алдын алу айлығы өткізіледі.
Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні 2026 жылдың 24 наурызына сәйкес келеді.
Бұл туберкулез, оның алдын алу және уақытылы емдеудің маңыздылығы туралы хабардарлықты арттыру үшін күш біріктіруіміз қажет уақыт. Туберкулез - ағзаға туберкулез микобактериясын жұқтырған кезде пайда болатын жұқпалы ауру. Көбінесе ауру өкпені зақымдайды, бірақ инфекция басқа мүшелерге де әсер етуі мүмкін: ми және оның қабыұшалары, бүйрек, омыртқа, лимфа түйіндері, буындар, репродуктивті мүшелер және дененің басқа тіндері. Аурушаңдықтың төмендеуіне қарамастан, туберкулез отандық денсаулық сақтау үшін маңызды мәселе болып қала береді.
Туберкулез – бұл емдеуге болатын ауру. Ең бастысы – ауруды уақытылы анықтау және дәрігердің барлық тағайындауларын қатаң орындау.
Ерте медициналық көмекке жүгіну, үнемі тексеруден өту және емделуге жауапкершілікпен қарау толық қалпына келу мүмкіндігін едәуір арттырады және инфекцияның айналасындағыларға таралуын болдырмауға көмектеседі.
Туберкулезге қарсы вакцинация - жас балаларды аурудың ауыр түрлерінің дамуынан қорғаудың сенімді әдісі.
Салауатты өмір салтын ұстану, дұрыс және теңдестірілген тамақтану (ет, сүт, көкөністер мен жемістерді жеткілікті мөлшерде тұтыну), сондай - ақ жаман әдеттерден бас тарту - алкоголь, шылым шегу және есірткі-туберкулезге шалдығу қаупін азайтуға көмектеседі. Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні қоғамды ауруға қарсы тұру және қазіргі және болашақ ұрпақтың денсаулығын сақтау үшін біріктіруге бағытталған.