«Алматы» ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Барыс» спорт кешенінде Astana Ice Cup хоккей турнирі өтті

«Алматы» ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Барыс» спорт кешенінде Astana Ice Cup хоккей турнирі өтті
«Алматы» ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Барыс» спорт кешенінде Astana Ice Cup хоккей турнирі өтті.
 
Жарысқа 8 команда қатысты. Турнир спорттық жігер, адал бәсеке және өзара сыйластық атмосферасында өтті. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, бірлік пен жеңіске ұмтылысын көрсетті. Арнайы алғысымызды Астана қаласы әкімдігінің спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының директоры Бельгибаев Азаматқа, Астаналық хоккей федерациясының атқарушы директоры Белый Пётрге және Астана қаласы әкімдігінің №10 СДЮСШ директоры Маржикпаев Диасқа, сондай-ақ Астана қаласының Әуесқой хоккей лигасына турнирді ұйымдастырудағы қолдау мен көмек үшін білдіреміз.
 
Турнир «Астана — есірткісіз қала» қалалық акциясы аясында өтті, бұл акция салауатты өмір салтын насихаттау және жастарды спортқа тартуға бағытталған.
Турнирдің қорытындысы:
1 орын — ЛХК «Медведи»
2 орын — ЛХК «Койгельды»
3 орын — ЛХК «Бауырлар 1»
 
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Барлық командаларға белсенді қатысқандары үшін алғысымызды білдіреміз!