
Құрметті қала тұрғындары!
Ауа температурасының -25…-26 градусқа дейін төмендеуіне байланысты Астана қаласы ТЖ департаменті сіздерге қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады. Жылыту маусымында өрт қауіпсіздігін сақтау – өте маңызды!
Өрттің алдын алу және жақындарыңыздың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында келесі ережелерді қатаң сақтауды сұраймыз:
- Пештердің, газ және электр жылытқыштарының жарамдылығын тексеріңіз;
- Тек зауытта жасалған, жарамды және сертификатталған құрылғыларды пайдаланыңыз;
- Электр желісін шамадан тыс жүктемеңіз, қосулы құрылғыларды қараусыз қалдырмаңыз;
- Жанғыш материалдардан қауіпсіз қашықтықты сақтаңыз;
- Өздігінен жасалған немесе ақаулы жылытқыштарды қолданбаңыз;
- Мұржалардың дұрыстығын тексеріп, қажет болған жағдайда тазалаңыз.
Төтенше жағдайлар министрлігі ескертеді: Жылытқыш құрылғыларды дұрыс пайдалану — сіздің және жақындарыңыздың қауіпсіздігінің кепілі! Өз өміріңізге бей-жай қарамаңыз — қауіпсіздікті сақтаңыз!