
Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы «Алматы» ауданының зейнеткерлерін пилатес және ағаш өңдеу бойынша тегін үйірмелерге шақырады.
Пилатес бұлшықеттерді нығайтуға, икемділікті арттыруға, буындар қозғалысын сақтауға және жалпы өміршеңдікті көтеруге көмектеседі.
Ағаш өңдеу — ұлттық және тұрмыстық бұйымдар жасауды үйрететін, шығармашылыққа толы әрі тыныштандыратын процесс. Сабақтар жайлы ортада өтеді және жаңа қызықты хобби табуға мүмкіндік береді. Құрметті зейнеткерлер!
Денсаулықты нығайтып, жаңа хобби меңгеріп, бос уақытты тиімді өткізуге ниетті болсаңыз — біздің тегін үйірмелерге қосылыңыздар!
Жазылу үшін телефон: 8 7172 69 55 14
Мекенжай: Р. Қошқарбаев көшесі, 29/1.