Хостелдер мен жатақханалардағы өрттің алдын алу
«Алматы» ауданы аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Өрт оқиғалары жиі тіркелетін нысандардың бірі – хостелдер мен барак түріндегі жалдамалы тұрғын үйлер (БСЖ, жатақханалар). Мұндай жағдайлардың басты себептері – электр сымдарының қысқа тұйықталуы мен электр желілерінің тұтануы болып табылады.
Осыған байланысты «Алматы» ауданы әкімінің аппараты қызметкерлері Төтенше жағдайлар басқармасымен бірлесе отырып, ықтимал қауіптердің алдын алу және анықтау мақсатында түсіндіру және профилактикалық іс-шаралар жүргізуде. Бұл жұмыстар электр құралдарын қауіпсіз пайдалану ережелерін түсіндіруге де бағытталған.
Құрметті кәсіпкерлер!
Сіздерді келесі қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамыз:
электр құралдары мен желілерін тұрақты түрде тексеріп отыру;
электр желілерін шамадан тыс жүктемеуге жол бермеу;
сымдардың жағдайын және құрал-жабдықтардың жарамдылығын бақылау.
Есіңізде болсын, дер кезінде қабылданған қауіпсіздік шаралары ауыр зардаптардың алдын алады.
Қосымша сұрақтар бойынша төмендегі нөмірге хабарласуға болады:
– 8 (775) 763-10-05 – Абылай Кабыкенов, «Алматы» ауданы әкімі аппаратының қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы.