«АЛМАТЫ» АУДАНЫНДА ЖАППАЙ АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

«АЛМАТЫ» АУДАНЫНДА ЖАППАЙ АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

 «АЛМАТЫ» АУДАНЫНДА ЖАППАЙ АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Бүгін елордадағы «Алматы» ауданында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жаппай ағаш отырғызу шарасы өтті.

 Көгалдандыру жұмыстары Абылай хан даңғылы бойында — Күйшілер аллеясында және Р. Қошқарбаев даңғылының бойында жүргізілді. Акцияның мақсаты — қаланың экологиялық ахуалын жақсарту, жасыл желектерді көбейту және тұрғындар үшін жайлы қоғамдық кеңістіктер қалыптастыру.

 Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, коммуналдық қызмет мамандары, қоғам белсенділері, волонтёрлер мен аудан тұрғындары қатысты.

 Мұндай экологиялық бастамалар ауданда тұрақты түрде өткізіліп келеді және олар экологиялық мәдениетті арттыруға, көгалдандыру деңгейін көтеруге, сондай-ақ қала тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға бағытталған.