«Алматы» ауданы әкімінің аппараты ауқымды жобаны жүзеге асырды: Триатлон саябағындағы көпірдің астындағы бос жатқан аумақ заманауи спорттық-демалыс орнына айналды.
Мұнда баскетбол мен волейболға арналған әмбебап алаң, воркаут аймағы, салмағы 140 кг-нан асатын жүктемеге арналған вандалға төзімді тренажерлер, сондай-ақ йогаға арналған бөлек аймақ орнатылды. Жабдықталуы жағынан бұл нысанды ашық аспан астындағы фитнес-орталықпен салыстыруға болады. Мұндай кеңістік елордада бұрын болмаған.
Алаң бұқаралық спортты және салауатты өмір салтын дамыту мақсатында салынды. Ашылу құрметіне мұнда Қазақстанның олимпиада чемпиондары – 1996 және 2024 жылдардың бейнесі бар екі жарқын мурал салынды. Олар болашақ спортшыларға шабыт сыйлайды.
Кеңістік қазірдің өзінде елорда тұрғындарына қолжетімді. Алаң спортты, мәдениетті және жастарды біріктіретін жаңа тартылыс нүктесіне айналады деп сенеміз.