Елордамыздың «Алматы» ауданында еңбек әулеттеріне арналған жаңа аллея ашылды

Елордамыздың «Алматы» ауданында еңбек әулеттеріне арналған жаңа аллея ашылды

Елордамыздың «Алматы» ауданында еңбек әулеттеріне арналған жаңа аллея ашылды.

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Алматы» ауданында қала тұрғындары серуендеп, демалатын жаңа абаттандырылған аллеяның салтанатты ашылуы өтті.

Жаңа жасыл аймақ Қайрат Рысқұлбеков көшесінде орналасқан және елордадағы еңбек әулеттеріне символдық түрде арналды.

Ашылу рәсіміне аудан әкімі аппаратының қызметкерлері мен жақын маңдағы тұрғындар қатысты. Мерекелік көңіл күйді «Елорда» хоры мен Е. Рахмадиев атындағы қалалық филармония әртістері сыйлады. Кішкентай қонақтар үшін ойындар, викториналар және аниматорлармен қызықты бағдарлама дайындалды.

Ыңғайлы демалысқа ерекше көңіл бөлінген. Балаларға арналған қауіпсіз тартан жамылғысы бар кең ойын алаңы және заманауи шағын архитектуралық нысандар орнатылды.

Аллея аумағында қолайлы орындықтар мен қоқыс жәшіктері қойылып, автотұрақ аймағы кеңейтілді, жаңа асфальт төселіп, жарықтандыру жүйесі іске қосылды.

Серуен аймағы бойына 230-дан астам ағаш отырғызылды, ал жақын арадағы жоспар бойынша тағы 100-ден аса ағаш егу көзделген.

Ауданның абаттандыру жұмыстары жалғасуда: қала тұрғындары үшін жайлы әрі жасыл демалыс аймақтарын одан әрі құру жоспарлануда.