Елорданың «Алматы» ауданында жалпы аумағы 25 000 м² болатын «Күйшілер» аллеясының ауқымды реконструкциясы аяқталды

Елорданың «Алматы» ауданында жалпы аумағы 25 000 м² болатын «Күйшілер» аллеясының ауқымды реконструкциясы аяқталды

Конституция күніне орай жаңғыртылған «Күйшілер» аллеясы ашылды

Елорданың «Алматы» ауданында жалпы аумағы 25 000 м² болатын «Күйшілер» аллеясының ауқымды реконструкциясы аяқталды.

Салтанатты ашылу рәсіміне «Алматы» ауданының әкімі Рустем Тауекелов, Астана қаласы мәслихатының депутаттары Владислав Сергеев пен Азамат Омурзаков қатысты.

Құрылыс жұмыстары барысында тозығы жеткен тас төсемдер берік гранит тасқа ауыстырылып, кешенді көгалдандыру жүргізілді, тірек қабырғалары орнатылды. Аумағы көпжылдық бұталар мен ағаштармен көріктендірілді, заманауи суару жүйесі орнатылды. Сондай-ақ, асфальт-бетон жамылғысы толықтай жаңартылып, автотұрақ алаңы кеңейтілді.

Ауданның кішкентай тұрғындары үшін қауіпсіз EPDM-жамылғысы бар кең ойын алаңы мен шағын сәулеттік нысандар орнатылды. Белсенді демалысты ұнататындар үшін жаңа воркаут және жаттығу алаңдары салынды.

Қала тұрғындарының жайлылығы үшін аллеяға заманауи орындықтар мен қоқыс жәшіктері, көлеңкелі шатырлармен орындықтар, демалыс беседкалары орнатылды, қоғамдық әжетхана мен үй жануарларымен серуендеуге арналған қосымша жаяу жол салынды. Кешкі уақытта жайлылық пен қауіпсіздікті жаңа жарықтандыру қамтамасыз етеді.

Бүгінде «Күйшілер» аллеясы Красная деревня, Ғ.Мүсрепов, Ғ.Мұстафин, Күйші Дина, Б.Майлин шағынаудандарының, сондай-ақ жақын маңдағы тұрғын үй кешендері мен сауда орындарының тұрғындары үшін заманауи демалыс орнына айналды.

Сонымен қатар, жақында ауданда Шекарашылар саябағының ауқымды реконструкциясы аяқталып, барлық Абылай хан даңғылы бойындағы көше жиһаздары мен жарықтандыру жаңартылды, сондай-ақ аулалар абаттандырылды.