2025 жылғы 27-29 шілде аралығында Астана қаласы аумағында «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтеді

2025 жылғы 27-29 шілде аралығында Астана қаласы аумағында «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтеді

2025 жылғы 27-29 шілде аралығында Астана қаласы аумағында «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтеді.

Іс-шараның мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта жүрген жасөспірімдерді анықтау.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабының 2-тармағына сәйкес, сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін он алты жасқа толмаған кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз қоғамдық орындарда жүруі әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлармен, білім беру мекемелері мен басқа да мүдделі органдармен бірлесе отырып, жастар көп жиналатын орындарда – саябақтарда, скверлерде, көшелерде, ойын-сауық орындары мен өзге де қоғамдық жерлерде рейдтік іс-шаралар өткізеді.

Ата-аналар мен заңды өкілдерді балаларының жүрген жерін және үйге оралу уақытын қадағалауға, сондай-ақ оларға қалада қауіпсіз жүріп-тұру ережелерін еске салуға шақырамыз.

Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі – баршамыздың ортақ міндетіміз!