«Алматы» ауданында фонтандар мен фонтан кешендерін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда

«Алматы» ауданында фонтандар мен фонтан кешендерін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда

«Алматы» ауданында фонтандар мен фонтан кешендерін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда

Бүгінгі күні ауданда үш фонтан және фонтан кешені жұмыс істейді:
- Бауыржан Момышұлы атындағы саябақта;
- Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы алдындағы алаңда;
- Отан қорғаушылар алаңында.

Бауыржан Момышұлы атындағы саябақта орналасқан фонтанда қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. 2008 жылы салынған кезінен бері бұл фонтанға күрделі жөндеу жүргізілмеген еді. Биыл аудан әкімі аппаратының бастамасымен фонтан толық жаңартылып, кешкі уақытта ерекше атмосфера сыйлайтын жарық беретін түрлі-түсті шамдары қайта орнатылды.

Қазіргі уақытта Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы алдындағы алаңда орналасқан фонтан кешенін қалпына келтіру жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде.

Ауданды абаттандыру жұмыстары жалғасуда.