«Алматы» ауданында жаяу жүргінші инфрақұрылымын абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда

«Алматы» ауданында жаяу жүргінші инфрақұрылымын абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда

Халықтың қауіпсіз әрі жайлы қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында «Алматы» ауданында тротуарларды салу және жөндеу, сондай-ақ жаяу жүргіншілер аймақтарын абаттандыру жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде.

Бүгінгі таңда жалпы аумағы 2 300 шаршы метрден асатын бірқатар учаскелерде жұмыстар аяқталды. Атап айтқанда:
1. Майдақоныр көшесі;
2. Б.Момышұлы даңғылы, 15;
3. Еренқабырға көшесі;
4. Обаған көшесі;
5. «Лайнер» дүкенінің артындағы сквер;
6. Қ. Сәтпаев көшесі, 3/1;
7. «Мұнар» тұрғын үй кешені;
8. Р. Қошқарбаев даңғылы;
9. А.С. Пушкин ескерткіші маңы (Жағалау бойы);
10. А. Петров көшесі, 23/1.

Жоспарланған жұмыстардың жалпы ұзындығы 6 шақырымнан асады. Жұмыстар тізіміне тағы да шамамен 30 учаске енгізілген.

Барлық учаскелерде арбамен қозғалатын азаматтарға қолайлы болу үшін арнайы пандустар қарастырылған.

Аталған бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.