«Алматы» ауданында көпбалалы аналарға мемлекеттік наградалар табысталды

«Алматы» ауданында көпбалалы аналарға мемлекеттік наградалар табысталды

Салтанатты жағдайда аудан әкімі Рустем Тауекелов өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуге өмірін арнаған аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» белгілерін табыстады.

Еске салайық, «Күміс алқа» белгісі алты бала туған және тәрбиелеген аналарға, ал «Алтын алқа» жоғары наградасы жеті және одан да көп бала тәрбиелеп отырған аналарға беріледі.

Құрметті аналарымызды лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз!