Қоғамдық орындарда орналасқан модульді дәретханалардың жағдайын жақсарту мақсатында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
- Сыртқы қаптамасы жаңартылды;
- Жаңа жарықтандыру орнатылды;
- Есіктер ауыстырылып, ұсақ жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Барлық дәретханалар тегін және халық көп жиналатын қоғамдық орындарға жақын орналасқан.
Модульді дәретханалардың орналасқан жерлері:
- 2 дәретхана — Триатлон саябағында, Арқар көпірінің астында;
- Ақбұлақ өзенінің жағалау бойы;
- «Жалайыр» саябағы;
- «Встреча» сауда үйі;
- М. Жұмабаев даңғылы жағынан «Жерұйық» саябағы;
- «Жерұйық» саябағының орталық бөлігі;
- «Отан қорғаушылар» алаңы;
- Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайы;
- Б. Момышұлы саябағы.
Аудан тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлы жағдай жасау — елордамызды абаттандырудағы басты басымдықтардың бірі.
Егер модульді дәретханалардың күтімі мен қызметіне қатысты қосымша сұрақтарыңыз болса, келесі нөмірге хабарласа аласыз:
+7 (775) 977-70-39 — Алимжан Раимбеков, өндірістік-техникалық бөлімінің басшысы.