Қала күніне орай Алматы ауданында қандай іс-шаралар өтеді?

Қала күніне орай Алматы ауданында қандай іс-шаралар өтеді?

6 шілде — Елорда күні!
Осы айтулы мерекеге орай «Алматы» ауданында ұлттық бірлік, өркендеу мен дамудың символына айналған Астана қаласының күніне арналған жарқын әрі ауқымды іс-шаралар өтеді.

5 шілде күні сағат 11:00-де Триатлон саябағының көпір асты кеңістігінде «Астана — есірткісіз қала» ұранымен күрес фестивалі өтеді.
Еркін күрес, дзюдо, грек-рим күресі, джиу-джитсу, грэпплинг және қазақша күрестің шеберлері тартымды спаррингтер көрсетіп, шеберлік сағаттарын өткізіп, көрермендерге нағыз спорттық рух сыйлайды.

5 шілде сағат 18:00-де және 6 шілде сағат 14:00-де «Жерұйық» саябағында мерекелік концерттік бағдарламалар өтеді.
6 шілде сағат 11:00-де «Железнодорожный» тұрғын алабында концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.
Қонақтарды көңілді әндер, өнерпаздардың өнері мен нағыз мерекелік көңіл-күй күтеді.

6 шілде сағат 11:00-де Триатлон саябағында (көпір астында) жас өнертапқыштардың көрмесі ашылады.
Мектеп оқушылары робототехника, инжиниринг және инновациялық технологиялар саласындағы жобаларын таныстырады.
Бұл шара Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өтіп, ерте кәсіби бағдар берудің маңыздылығын көрсетеді. Қатысушыларға дипломдар, сыйлықтар және болашаққа шабыт сыйлайтын ерекше атмосфера ұсынылады.

Сонымен қатар аудан аумағында жаңадан абаттандырылған аулалар мен қоғамдық кеңістіктердің салтанатты ашылуы өтеді.

Отбасыңызбен бірге келіңіздер!