Қала күніне орай елордадағы «Алматы» ауданында тағы бір абаттандырылған аула ашылды

Қала күніне орай елордадағы «Алматы» ауданында тағы бір абаттандырылған аула ашылды

«Алматы» ауданында Ғ. Мұстафин көшесі, 21/1 мекенжайы бойынша жаңа заманауи аула салтанатты түрде ашылды. Бұл — соңғы 5 күн ішінде аудан көлемінде ашылған алтыншы аула!

Бұған дейін Қ. Рысқұлбеков көшесі, 16/1, 16/3; Ғ. Мұстафин көшесі, 21/2, 21/3; Ш. Құдайбердіұлы көшесі, 19/2 мекенжайлары бойынша аулаларды абаттандыру жұмыстары аяқталған болатын.

Барлық аулаларда ауқымды абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда: кіші архитектуралық формалар мен балалар ойын алаңдары орнатылып, палисадниктер мен жабындар жаңартылды, футбол және баскетбол алаңдары қайта жасалды, жаңа спорттық және workout-аймақтар салынды, ыңғайлы автотұрақтар, тұрғындар демала алатын орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылды.

Сондай-ақ, Қала күніне орай «Алматы» ауданында тағы 10-ға жуық абаттандырылған ауланы ашу жоспарлануда. Бұл бастама елорданың жас тұрғындарына жазғы демалысты көңілді, белсенді әрі жайлы өткізуге мүмкіндік береді.